Жиі қойылатын сұрақтар

Грант иегері атану үшін не істеу қажет?
Сіз конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, бағдарлама талаптарына сай болуыңыз керек. Ол үшін сайтқа тіркеліп, анкетаны толтырып, бізге жіберіңіз.
Конкурстық іріктеуден қашықтықтан өтуге бола ма?
Барлық іріктеу кезеңдерін онлайн режимінде аяқтауға болады. Егер Сіз конкурстық іріктеуден сәтті өтсеңіз, Келісімге қол қоюыңыз керек.
Грант қандай шығындарды өтейді?
Murager бағдарламасы колледжде/ университеттегі бір жылдық оқудың төлемақысын қамтиды. Сіз Грантқа жыл сайын қайта өтінім бере аласыз.
Неше жастан бастап бағдарламаға қатысу өтінімін беруге болады?
Бағдарламаға 30 жасқа толмаған барлық жастағы жастар қатыса алады.
Егер мен басқа елде болсам, конкурстық іріктеуге қатыса аламын ба?
Иә, Сіз конкурстық іріктеуден қашықтықтан өте аласыз. Егер Сіз Грант иегері болсаңыз, Келісімге қол қою үшін, сондай-ақ оқу басталған уақытта елге оралуыңыз қажет.
Шетелдік үміткерлер/студенттер іріктеуге қатысуға өтінім бере ала ма?
Жоқ, негізгі критерийлердің бірі – Қазақстан Республикасының азаматтығы.
Бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілін білу міндетті ме?
Ағылшын тілін білу міндетті шарт емес.
Егер мен іріктеуден өтіп, бірақ мемлекеттік грантқа ие болсам, Murager білім беру Грантынан бас тарта аламын ба?
Иә, Сіз Гранттан бас тарта аласыз. Келісімді жасамас бұрын бағдарламаның электрондық поштасына хат жіберуіңіз керек. Хатта Сіз өзіңіздің деректеріңізді және Гранттан бас тарту себебін көрсетуіңіз керек.
Конкурстық іріктеуден өткенімді немесе өтпегенімді қалай білемін?
Әрбір кезеңнен кейін үміткерлер өтінімнің статусы туралы электрондық пошталарына хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, бағдарламаның ресми сайтындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізде өтінімнің статусын бақылай аласыз.
Өтінімдер қанша уақытта қаралады? Іріктеу процесі неше күнге созылады?
Грантқа өтінімдер 11-ші тамызға дейін қабылданады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін Сіз өтініміңіздің статусы туралы хабарлама аласыз. Конкурстық іріктеу тамыз айының соңында аяқталады.
Өтінім беру кезінде оқуға түскім келетін университетті/колледжді таба алмасам не істеуім керек?
Барлық колледждер/университеттер ең қажетті мамандықтар бойынша Murager бағдарламасымен бекітілген: • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің энергетика саласының сұранысқа ие мамандықтарына сәйкес. • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына сәйкес. Егер Сіз өзіңіздің колледжіңізді/университетіңізді немесе мамандығыңызды таба алмасаңыз, өкінішке орай, биылғы жылы іріктеуге қатыса алмайсыз. Келесі жылы қайталап көріңіз. Толық ақпарат сілтеме бойынша.
Оқу ақысын өтеуге міндеттелемін бе (Murager бағдарламасының білім гранты)?
Қатысушылар оқу ақысын өтеуге міндеттелмейді.
Қандай жағдайларда Гранттан айырылып қалуым мүмкін?
Қатысушы оқу орнынан шығарылған жағдайда, келесі жылы іріктеуге қайта қатысу құқығынсыз Гранттан айырылады.
Менің бағаларым Грант иегері болуына әсер ете ме?
Иә, Сіздің бағаларыңыз Грант иегері болуға әсер етеді. Іріктеуге қатысудың толық шарттарымен сілтеме арқылы танысуға болады.
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі бар ма?
Іріктеудің барлық кезеңдерін сәтті аяқтағаннан кейін келесі құжаттар пакеті сұралады: жеке басын куәландыратын құжаттар, колледжден/университеттен шақыру және басқа да растайтын құжаттар. Қажет болған жағдайда тізім толықтырылатын болады.
Өткен жылы Murager бағдарламасы аясында Грант иегері атанған болсам, биыл қайта қаржыландыруға мүмкіндік бар ма?
Иә, Сіз академиялық үлгеріміңізді растайтын құжатыңыз болған жағдайда қайта қаржыландыруды ала аласыз: Егер Сіз университет студенті болсаңыз, курс бойынша жалпы GPA 3.0 балл жинауыңыз керек. Егер сіз колледж студенті болсаңыз, сізге 4,0 (дәстүрлі)/В (жақсы) балл жинау керек. Сайттағы жеке кабинетте ағымдағы транскриптті жүктеп, растауыңызға болады.