Конкурстық іріктеуді ашық ету мақсатында бірыңғай Конкурстық комиссия құрылады. Іріктеу кезеңінен өте алмаған жағдайда үміткер конкурстық рәсімге қатысуын тоқтатады. Іріктеу жеңімпаздарымен білім беру грантын алу туралы келісімдер жасалады (мәлімет, шарттар, оқыту).
Әрбір кезеңнің нәтижелерін сайттан көріп және әрбір үміткер іріктеуге қатысуға өтінім берген кезде қалдырылған электрондық пошта арқылы хабарлама алады.
Назар аударыңыз!
Өтініште сіз өзіңіздің біліміңіз, мектептегі/колледждегі/университеттегі жетістіктеріңіз туралы деректерді көрсетесіз. Сіздің дағдыларыңыз, жетістіктеріңіз (спорт, академиялық) туралы егжей-тегжейлі жазыңыз, қазіргі оқу орнындағы оқу үлгеріміңізді растайтын құжаттарды тіркеңіз.
Өтінімдерді үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкестігіне іріктеуді Конкурстық комиссия жүзеге асырады. Іріктеу кезеңінен өте алмаған жағдайда үміткер конкурстық рәсімге қатысуын тоқтатады.
Сіздің электрондық поштаңызға жіберілетін бірінші кезеңнен өткеніңізді растағаннан кейін қазақ немесе орыс тілінде мотивациялық эссе жазыңыз. Эсседе неліктен білім грантының иегері болу керектігін, өзіңіздің ең жақсы қасиеттеріңізді, оқу кезеңіндегі мақсаттарыңызды, кәсіби қызметіңізде болашақта не нәрсеге қол жеткізгіңіз келетінін сипаттаңыз.
Екінші кезеңнің негізгі нәтижелеріне қосымша ұпайлар келесі үміткерлер санаттарына қарастырылған:
Үміткерлердің бірдей ұпайларын жинау кезінде соңғы шешім Конкурстық комиссияда қалады. Білім гранты қатысушылардың колледж немесе орта білімнен кейінгі білімін ғана қамтиды. Компания жол жүру және басқа жерде тұру шығындарын қамтымайды. Бағдарламаға қатысушылар оқу кезеңінде оқу орнынан шығарылған жағдайда келесі іріктеулерге қайта қатысу мүмкіндігінен айырылады.