Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басымдық болып табылады. Бұл бүкіл қоғамның дамуындағы маңызды фактор. Жоғары білімнің қолжетімділігі мәселесі өзекті болып қала береді. Еліміздің халық тығыз қоныстанған өңірлеріндегі жастарға арналған нысаналы гранттарды бөлуге ерекше назар аудару қажет.
Жалпы бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Біз инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын тәрбиелеуіміз керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысындағы сөзінен
Өңірлерден, оның ішінде ауылдан келген жастардың қолжетімді жоғары білім алуы – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Қазатомөнеркәсіптің білім гранттарын беретін «Murager» әлеуметтік жобасы компания қатысатын аймақтарда - Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы талапкерлерді, колледж түлектерін және бастауыш курс студенттерін қолдауға бағытталған.
Осы бағдарлама арқылы Компания өңірлерді дамытуға және жергілікті халықтың білім деңгейін көтеруге, соның ішінде соңынан кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мақсатында техникалық мамандықтарды кеңінен насихаттауға үлес қосуды жоспарлап отыр.
№ | Мамандықтың аты |
---|---|
1 | Автоматтандыру және басқару |
2 | Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы |
3 | Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау |
4 | Гидрогеология және геоэкология |
5 | Жылу энергетикасы |
6 | Металлургия |
7 | Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
8 | Тау-кен ісі |
9 | Технологиялық машиналар мен жабдықтар |
10 | Төтенше жағдайларда қорғау (бейімі бойынша) |
11 | Экология |
12 | Электр энергетикасы |
13 | Ядролық физика, Техникалық физика |
№ | Мамандықтың аты |
---|---|
1 | Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері |
2 | Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) |
3 | Автоматтандыру және басқару (бейімі бойынша) |
4 | Аспап жасау (салалар бойынша) |
5 | БӨА (бақылау-өлшеу аспаптары) инжинирингі технологиясы |
6 | Геодезия және картография |
7 | Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау (түрлері бойынша) |
8 | Гидрогеология және инженерлік геология |
9 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) |
10 | Компрессорлық станциялар мен жер асты құбырларының электр жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету |
11 | Маркшейдерлік іс |
12 | Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика |
13 | Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы |
14 | Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру |
15 | Пайдалы қазбаларды байыту (кенді байыту) |
16 | Технологиялық жабдықтарды және оған байланысты құрылымдарды монтаждау |
17 | Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) |
18 | Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалар бойынша) |
19 | Электр және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша) |
20 | Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу |
21 | Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) |
22 | Электр энергетикасы (сала бойынша) |
23 | Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша) |
24 | Электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет ету, оларды жөндеу және пайдалану |