Құрметті ата-аналар мен талапкерлер! Murager бағдарламасына өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына байланысты, университеттер мен колледждерге қабылдау рәсімдерін соңына жеткізу қажеттігін еске саламыз (қалаған университетке/колледжге құжаттарды өз бетіңізше тапсыруыңыз керек). Құжаттарыңыздың университетке/колледжге қабылданғанына көз жеткізулеріңізді сұраймыз.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
білім беру гранттары бағдарламасы

Бағдарлама туралы

Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басымдық болып табылады. Бұл бүкіл қоғамның дамуындағы маңызды фактор. Жоғары білімнің қолжетімділігі мәселесі өзекті болып қала береді. Еліміздің халық тығыз қоныстанған өңірлеріндегі жастарға арналған нысаналы гранттарды бөлуге ерекше назар аудару қажет.

Жалпы бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Біз инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын тәрбиелеуіміз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысындағы сөзінен

Murager білім гранттары бағдарламасы

Өңірлерден, оның ішінде ауылдан келген жастардың қолжетімді жоғары білім алуы – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Қазатомөнеркәсіптің білім гранттарын беретін «Murager» әлеуметтік жобасы компания қатысатын аймақтарда - Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы талапкерлерді, колледж түлектерін және бастауыш курс студенттерін қолдауға бағытталған.

Осы бағдарлама арқылы Компания өңірлерді дамытуға және жергілікті халықтың білім деңгейін көтеруге, соның ішінде соңынан кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мақсатында техникалық мамандықтарды кеңінен насихаттауға үлес қосуды жоспарлап отыр.

Бағдарламада қатысатын университеттер мен колледждер

Университеттер Колледждер

Murager білім грантының қатысушылары:

1
Қазақстандағы техникалық колледждердің немесе жоғары оқу орындарының бірінде тегін білім алу
2
Жақсы оқумен келесі оқу жылына Murager білім беру гранты бойынша оқуын жалғастыру мүмкіндігі
3
Колледжде немесе университетте оқуды аяқтағаннан кейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялары тобында жұмысқа орналасу мүмкіндігі.